2026 жылғы 19 мамырдан бастап Октябрь ауылдық модельді кітапханасында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Кітап сыйла – білім тарат» буккроссинг акциясы өз жұмысын бастады.
Акцияның негізгі мақсаты – кітап оқуды насихаттау, оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және кітаптармен еркін алмасу мәдениетін дамыту.
Акция аясында оқырмандар өздерінің оқып шыққан кітаптарын әкеліп, оларды өздерін қызықтырған басқа басылымдарға алмастыра алады. Қатысушылар ұсынылған әдебиеттермен танысып, сүйікті авторлары мен шығармалары туралы пікір алмасуға мүмкіндік алады.
«Кітап сыйла – білім тарат» акциясы жылы әрі достық атмосферада өтіп, кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыруға, оқырмандар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға және жаңа әдеби туындыларды танып-білуге ықпал етеді.
Акция жазғы кезең бойы жалғасады және барлық кітапсүйер қауымды қатысуға шақырады.
15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай Октябрь ауылдық модельді кітапханасы «Қарамырза» ауыл мешітінің имамы Ахметжанов Айбекпен бірлесіп ауыл тұрғындары арасында «Жақсылық жасау – жүректен» атты ізгі істер акциясын өткізді.
Акцияның басты мақсаты – мейірімділік, жанашырлық пен өзара көмек көрсету құндылықтарын насихаттау. Шара барысында көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіліп, ауыл тұрғындары қайырымдылықтың маңыздылығы туралы ой бөлісті.
Осындай игі іске атсалысып, қолдау көрсеткен барша мейірімді жандарға шынайы алғысымызды білдіреміз.
Жақсылық жасау – әр адамның жүрегінен басталады!
«Бір ел – бір кітап – 2026» республикалық акциясы/ Республиканская акция «Одна страна – одна книга – 2026»
Құрметті оқырмандар!
Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы – еліміздің рухани мұрасын насихаттауға және оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды мәдени жоба. Акция аясында жыл сайын қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің таңдаулы шығармалары іріктеліп, қалың оқырманға кеңінен ұсынылады.
Аталған акция аясында халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы 2026 жылдың кітабы болып таңдалды.
Барша оқырмандарды «Бір ел – бір кітап» акциясына белсене қатысып, терең мазмұн мен рухани тағылымға толы Қабдеш Жұмаділовтің шығармаларымен танысуға шақырамыз!
Кітап оқиық, ойлайық, бірге дамыйық!
Кітап оқуды насихаттап, ынталандыру мақсатында обылысымызда жыл сайын онлайн «Оқы және жең» байқауы өткізілуде. Биыл 2025 жылы 3- ші «Оқы және жең» байқауы ақпан айының 1 – нен басталады. Рухани сарқылмас қазынаны кітап арқылы табасың. Кітап – сенің ұстазың. Сондықтан да кітап оқудың еш, кеші жоқ . Кітап оқуға шақырамыз! (далее…)