Октябрь ауылдық модельді кітапханасы

 

2026 жылғы 19 мамырдан бастап Октябрь ауылдық модельді кітапханасында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Кітап сыйла – білім тарат» буккроссинг акциясы өз жұмысын бастады.
Акцияның негізгі мақсаты – кітап оқуды насихаттау, оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және кітаптармен еркін алмасу мәдениетін дамыту.
Акция аясында оқырмандар өздерінің оқып шыққан кітаптарын әкеліп, оларды өздерін қызықтырған басқа басылымдарға алмастыра алады. Қатысушылар ұсынылған әдебиеттермен танысып, сүйікті авторлары мен шығармалары туралы пікір алмасуға мүмкіндік алады.
«Кітап сыйла – білім тарат» акциясы жылы әрі достық атмосферада өтіп, кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыруға, оқырмандар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға және жаңа әдеби туындыларды танып-білуге ықпал етеді.
Акция жазғы кезең бойы жалғасады және барлық кітапсүйер қауымды қатысуға шақырады.