Октябрь ауылдық модельді кітапханасы

  Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында кітапханада «45+ Денсаулық мектебі» атты өзіне деген жақсы қарым-қатынас сағаты өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар денсаулықты сақтау жолдары, дұрыс тамақтану қағидалары, қозғалыс белсенділігінің маңызы және жағымды ойлаудың адам өміріндегі рөлі туралы өзара пікір алмасты. Кездесу денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және белсенді өмір салтын ұстануға бағытталды. Кітапханашы Мельничук Л.С. «Жаны саудың – дені сау» / «Здоровые телом – сильные духом» атты кітап көрмесіне шолу жасап, денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұзақ белсенді өмір сүру тақырыптарына арналған әдебиеттерді таныстырды. Сонымен қатар, «Салауатты ұрпақ» клубының жетекшісі ретінде Л.С. Мельничук әйелдер үшін спортпен шұғылданудың маңыздылығы, дене белсенділігінің денсаулықты нығайтудағы рөлі және клуб сабақтарына тұрақты қатысудың пайдасы туралы әңгімеледі. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.

  Кітапханада саяси қуғын-сүргін, жер аудару мен ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Зұлмат жылдар шежіресі» тарихи шолу өтті. Тарихи шолу барысында қатысушылар сол жылдардағы маңызды оқиғалар мен деректермен танысып, қиындыққа қарамастан үмітін жоғалтпаған жандардың қайсарлығы туралы мәлімет алды. Өткенді ұмытпау – болашақ үшін маңызды.

  2026 жылғы 2 наурызда Октябрь жалпы білім беретін мектебінде қазақтың аса көрнекті ағартушысы, педагогы, жазушысы, этнографы, фольклоршысы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Әліппеден басталған ағартушылық. Просветитель, начавший путь с букваря» атты әдеби-танымдық, тәрбиелік бағыттағы кездесу-диалог іс-шарасы өткізілді. Іс-шара Октябрь ауылдық модельді кітапханасының кітапханашылары мен Октябрь жалпы білім беретін мектебінің мұғалімдері бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.

2026 жылғы 4 ақпанда Октябрь ауылдық модельді кітапханасында, қазақ поэзиясының заңғар ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай шығармашылығына арналған «Мұқағали әлемі: жырмен өрілген ғұмыр» атты ақын бенефисі өтті. Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылық жолы таныстырылып, өлеңдері оқылып, әндер орындалды. Кешке қатысқан жастарға арнайы дайындалған «Жырмен өрілген ғұмыр» атты буклет таратылып, «Мұқағали – мәңгілік жыр» атты кітап көрмесімен таныстырылды. Кеш соңында қатысушылар «Мұқағали Мақатаев поэзиясы қандай әсер қалдырды?», «Қазіргі жастар үшін ақын шығармашылығы маңызды ма?», «Қай өлеңі немесе өлең жолдары ерекше әсер етті?» деген сұрақтар төңірегінде өз ой-пікірлерімен бөлісті.   Қазақ поэзиясында ана тақырыбын биікке көтерген, жүрекке жылу, жанға шуақ сыйлаған ақын, қоғам қайраткері Мариям Хакімжанованың туғанына 120 жыл толуына орай «Жыр анасы» атты әдеби тағзым кеш өтті. Ана – өмірдің бастауы, мейірімнің мәңгілік символы. Ал Мариям Хакімжанова – сол аналық мейірімді жырға айналдырған қазақтың біртуар ақын қызы.

2025 жылелімізгеүлкенмаңыздышараларға толы болғалыотыр. (далее…)

«Спорт – меніңөмірімде» аттыкездесукеші «Туғанжердіңтарихы – тәрбиебастауы» аттыөлкетанубағытындағыжобааясындаөтті. Жобамақсатыөзеліне, туғанжеріне, оныңболашағынаатсалысатынбелсендіжастардыңеңбекжолынжасөспірімдергеүлгіету. Салауаттыөмірсалтыннасихаттаушы, әртүрлі спорт түрлерібойыншажаттықтырушыболыпқызметатқаратынауылымыздыңазаматтарыолардыңспортқадегенқұштарлығы, игіліеңбектері, болашақұрпаққакеремет мотивация берді.

Домбырасызсәнқайда, домбырасызәнқайда Әдебимузыкалықкеш Бүгінгітаңдақазақхалқыныңбрендкеайналдыруғамаңыздыорыналатынбірнәрсе – ата – бабамыздыңмирасболғандәстүрлімузыкағатәнүн – домбыраныңҚоңырүні. Жастардыжан – жақтыруханитазалыққа, елдібірліккешақыратын, басқахалықтарғаүлгіететініс – шара руханиәлеміміздіұлғайтатынмаңыздыіс – шара болды.

На подиуме книга «Наша семья» 50 лет (1974) роману Б. Момышулы КеңесОдағының Батыры БауыржанМомышұлыныңұрпаққазынасынаарналған «Ұшқанұя» кітабынабиыл 2024 жылы 50 жылтолыпотыр. БауыржанМомышұлы – батырлық пен батылдықтың, елдік пен ерліктің, тәрбие мен даналықтың символы. Ұлы тұлғаның бойындaғы отаншылдық, туысқандық, әділеттік, шыншылдық сезімнің негізгі өзегі ұлттық құндылықтарды батыр бабамыздыңұшқанұясынаналғанын «Ұшқанұя» кітабыноқығанда көз жеткіземіз.