Октябрь ауылдық модельді кітапханасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кітап оқуды насихаттап, ынталандыру мақсатында обылысымызда жыл сайын онлайн «Оқы және жең» байқауы өткізілуде. Биыл 2025 жылы 3- ші «Оқы және жең» байқауы ақпан айының 1 – нен басталады. Рухани сарқылмас қазынаны кітап арқылы табасың. Кітап – сенің ұстазың. Сондықтан да кітап оқудың еш, кеші жоқ . Кітап оқуға шақырамыз!

 

«Бір ел – бір кітап – 2026» республикалық акциясы/ Республиканская акция «Одна страна – одна книга – 2026»
Құрметті оқырмандар!
Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы – еліміздің рухани мұрасын насихаттауға және оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды мәдени жоба. Акция аясында жыл сайын қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің таңдаулы шығармалары іріктеліп, қалың оқырманға кеңінен ұсынылады.
Аталған акция аясында халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы 2026 жылдың кітабы болып таңдалды.
Барша оқырмандарды «Бір ел – бір кітап» акциясына белсене қатысып, терең мазмұн мен рухани тағылымға толы Қабдеш Жұмаділовтің шығармаларымен танысуға шақырамыз!
Кітап оқиық, ойлайық, бірге дамыйық!