Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында кітапханада «45+ Денсаулық мектебі» атты өзіне деген жақсы қарым-қатынас сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар денсаулықты сақтау жолдары, дұрыс тамақтану қағидалары, қозғалыс белсенділігінің маңызы және жағымды ойлаудың адам өміріндегі рөлі туралы өзара пікір алмасты. Кездесу денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және белсенді өмір салтын ұстануға бағытталды.
Кітапханашы Мельничук Л.С. «Жаны саудың – дені сау» / «Здоровые телом – сильные духом» атты кітап көрмесіне шолу жасап, денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұзақ белсенді өмір сүру тақырыптарына арналған әдебиеттерді таныстырды.
Сонымен қатар, «Салауатты ұрпақ» клубының жетекшісі ретінде Л.С. Мельничук әйелдер үшін спортпен шұғылданудың маңыздылығы, дене белсенділігінің денсаулықты нығайтудағы рөлі және клуб сабақтарына тұрақты қатысудың пайдасы туралы әңгімеледі. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.
Кітапханада саяси қуғын-сүргін, жер аудару мен ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Зұлмат жылдар шежіресі» тарихи шолу өтті.
Тарихи шолу барысында қатысушылар сол жылдардағы маңызды оқиғалар мен деректермен танысып, қиындыққа қарамастан үмітін жоғалтпаған жандардың қайсарлығы туралы мәлімет алды.
Өткенді ұмытпау – болашақ үшін маңызды.
2026 жылғы 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай Октябрь ауылдық модельді кітапханасында оқырмандар арасында кітап оқуды насихаттауға және оқырман белсенділігін арттыруға бағытталған «Оқырман және кітап: жан дүниенің сұхбаты» атты оқырман бенефисі өткізілді. Осы іс-шараға қатысу үшін, біз Железнодорожный жалпы білім беретің мектептің мұғалім және оқушыларың шақырдық.
Бұл күні кітапханамыздың ең белсенді оқырмандарының бірі – Нагорных Галина Васильевна құрметке ие болды. Ол өзінің оқырмандық талғамы, сүйікті авторлары мен шығармалары туралы айтып берді.
Сондай-ақ баласы мен немересіне кітап оқуға деген сүйіспеншілікті қалай дарытқанымен бөлісті. Оқу оның өмірінде қандай маңызды орын алатынын да атап өтті.
Іс-шараның жас қонақтары үшін «Кейіпкерді тап» атты визуалды ойын өткізілді. Балаларға проектор арқылы ұсынылған үзінділер бойынша кітаптың атауын және авторын табу тапсырылды. Кейін қонақтар Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысты.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, қонаққа сұрақтар қойып, өздерінің оқуға деген қызығушылықтары мен әсерлерімен бөлісті.
2026 жылғы 19 мамырдан бастап Октябрь ауылдық модельді кітапханасында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Кітап сыйла – білім тарат» буккроссинг акциясы өз жұмысын бастады.
Акцияның негізгі мақсаты – кітап оқуды насихаттау, оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және кітаптармен еркін алмасу мәдениетін дамыту.
Акция аясында оқырмандар өздерінің оқып шыққан кітаптарын әкеліп, оларды өздерін қызықтырған басқа басылымдарға алмастыра алады. Қатысушылар ұсынылған әдебиеттермен танысып, сүйікті авторлары мен шығармалары туралы пікір алмасуға мүмкіндік алады.
«Кітап сыйла – білім тарат» акциясы жылы әрі достық атмосферада өтіп, кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыруға, оқырмандар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға және жаңа әдеби туындыларды танып-білуге ықпал етеді.
Акция жазғы кезең бойы жалғасады және барлық кітапсүйер қауымды қатысуға шақырады.