Октябрь ауылдық модельді кітапханасы

2026 жылғы 4 ақпанда Октябрь ауылдық модельді кітапханасында, қазақ поэзиясының заңғар ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай шығармашылығына арналған «Мұқағали әлемі: жырмен өрілген ғұмыр» атты ақын бенефисі өтті.
Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылық жолы таныстырылып, өлеңдері оқылып, әндер орындалды. Кешке қатысқан жастарға арнайы дайындалған «Жырмен өрілген ғұмыр» атты буклет таратылып, «Мұқағали – мәңгілік жыр» атты кітап көрмесімен таныстырылды.
Кеш соңында қатысушылар «Мұқағали Мақатаев поэзиясы қандай әсер қалдырды?», «Қазіргі жастар үшін ақын шығармашылығы маңызды ма?», «Қай өлеңі немесе өлең жолдары ерекше әсер етті?» деген сұрақтар төңірегінде өз ой-пікірлерімен бөлісті.

 

Қазақ поэзиясында ана тақырыбын биікке көтерген, жүрекке жылу, жанға шуақ сыйлаған ақын, қоғам қайраткері Мариям Хакімжанованың туғанына 120 жыл толуына орай «Жыр анасы» атты әдеби тағзым кеш өтті.
Ана – өмірдің бастауы, мейірімнің мәңгілік символы. Ал Мариям Хакімжанова – сол аналық мейірімді жырға айналдырған қазақтың біртуар ақын қызы.